ЕРТЕГІ ОҚУ ЕРЕЖЕСІ

«Хан-Сұңқар» таңғажайып ертегілері желісінің (ары қарай — Ертегілер) балаларға арналған әңгімелерін оқыған кезде келесі ережелерге көңіл бөлуді ұсынамыз:

  1. Атаулы ертегілерді бала-бақшаларда тәрбиешінің, үйде ата-ананың, білім орталықтарында педагогтардың немесе балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге даярланған мамандар оқығаны дұрыс;
  2. Ертегілерді тыныш ортада, бүлдіршінді жайлы және еркін орналастырып оқыған жөн;
  3. Ертегіні тақырыбынан бастап, аяғына дейін әдеби мәнерлікпен оқу ұсынылады.

Ертегілердегі әр-түрлі кейіпкерлердің әрекеттерін сипаттау арқылы қалыптасып келе жатқан баланың санасына бастапқы тәрбиелік ұғымдарды жеткізу көзделінген. Ертегілердің мазмұны 2-10 жас аралықтарындағы сәби, бүлдіршін және балдырғандарға арналған. Ата-ананың балаға деген махаббатының негізінде құрастырылған.

Ертегіні оқу үлгісі